"Қазатомөнеркәсіп" француздық компаниядан уранды байыту технологияларын алмақ

Қазақстан уранды өңдеудің толық цикліне қатысуға мүдделі. 

"Қазатомөнеркәсіп" француздық компаниядан уранды байыту технологияларын алмақ Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы француздық Ораномен бірлесіп уранды конверсиялау және байыту технологияларына қатысу мүмкіндігін зерделеуде. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматыда өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Қазатомөнеркәсіптің" уранды конверсиялау және байыту технологияларына қатысу мүмкіндіктері қарастырылуда. Орано компаниясы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, барлық технологияларға және келісімге ие", - деді Сәтқалиев Алматыда өткен брифингте.

Энергетика министрі Қазақстан уранды өңдеудің толық цикліне қатысуын кеңейту қажет екенін атап өтті.

"Біздің бұған бірегей құзыреттеріміз бар, біз уран жеткізуде, уранды экспорттауда әлемде бірінші орындамыз", – деді министр. 

Ол соңғы өнімдердің қайда жіберілетінін нақтыламады, тек "бұл әлемдік нарық жағдайына байланысты" деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу