"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы "Уран байыту орталығындағы" үлесін сатты

814

Келіссөзге бүгін ресми нүкте қойылды.

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы "Уран байыту орталығындағы" үлесін сатты

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы "Уран байыту орталығындағы"  50% -дық үлесін "ТВЭЛ" АҚ-ға сату туралы келісімді аяқтады. Бұл келісім ресейлік компания үшін 6,253 млрд рубльге түсті. Аталмыш жаңалықты "Интерфакс-Қазақстан" Лондон биржасының сайтындағы мәліметке сүйеніп хабарлайды.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы  17 наурыз күні "Уран байыту орталығындағы" үлесін сату туралы келіссөзді аяқтады. Төлем толықтай қолға тигендіктен, сауда аяқталды, алдын ала қаралған шарттардың бәрі орындалды. Сауда сомасы 6,253 млрд рубльді құрады. 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдаймен алсақ, бұл әуелде хабарланғандай 100 млн доллар болады", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Дегенмен, қазақстандық алпауыт уран байыту орталығындағы 1 акциясын өзінде қалдыруды жөн көріпті. Осы арқылы уран байыту қызметіне қолы жететіндей мүмкіндік сақтап қалмақшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу