Қазатомөнеркәсіп компаниясының тұрақты дамуы талқыланды

486

Холдинг стратегиясының негізгі мақсаты - тұрақты даму

Қазатомөнеркәсіп компаниясының тұрақты дамуы талқыланды Фото: kazatomprom.kz

2022 жылы әлемде уран өндіруден көш бастаушы орнын сақтаған Қазатомөнеркәсіп Ұлттық атом компаниясы Халықаралық ESG рейтингінде де топ басында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Яғни, алпауыт компания жер қойнауын игеруде экологиялық талаптарды сақтап, әлеуметтік қолдау көрсетуде де белсенді. Мәселен, атом компаниясы былтыр өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаларды іске асырумен табиғатты қорғауға 9 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да бәсеңдемейді. Ол туралы Түркістан қаласында өткен таунхолда айтылды.

Түркістанның төрінде ұйымдастырылған таунхолға Энергетика министрлігі, Қазатомөнеркәсіп компаниясына еншілес  ұйымдардың және еліміздегі ірі кәсіпорындар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Негізгі жиында бүгінгі күннің өзекті  мәселелері талқыланды. Жиналғандар алдымен Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму приципін сөз етсе, одан кейін энергетика саласы әңгіме арқауына айналды. Сонымен қатар БҰҰ-ның жаһандық шарты, ESG құралдарын басқару арқылы компания құнын қалыптастыру һәм адами  капиталды дамыту мәселелері жайында арнайы баяндамалар оқылды. Айтып өту керек, бұл талаптардың барлығын орындауда Қазатомөнеркәсіп еліміздегі бірегей компания.

"Холдинг стратегиясының негізгі мақсаты тұрақты даму екені белгілі. ESG концепциясы  компанияның жан-жақты жетілуі мен алға қойған мақсаттарына жету жолында ажырамас бөлігі. Қазатомөнеркәсіп уран өндіру бойынша әлемдік лидері  ретінде заманауи трендтер мен практикаға сүйеніп, қоршаған ортаны сақтауға үлкен үлес қосып жатыр. Әлем табиғи және адам ресурстарын лезде тұтыну мен пайдалану мүмкін емес екенін түсінді. Бүгінде бизнес тиімділігінің кепілі  ESG принциптерін  ұстану. Қарапайым сөзбен айтқанда, ESG  бұл жауапкершілік", - деді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

Мамандардың біліктілігін арттыру және олардың денсаулығын бақылауда ұстау Қазатомөнеркәсіп компаниясының күн тәртібінен түскен емес. Оған дәлел қызметкерлердің денсаулығын жақсарту үшін компания жылына 4.4 млрд теңге жұмсайды. Ал, кадр біліктілігін арттыру мақсатында бірқатар оқу орындарымен байланыс орнатылған. Одан бөлек осы салаға қызығатын жастар үшін арнайы гранттар тағайындалған. Соның бір айғағы бүгінде 320 студент алып компания есебінен білім алып жатыр. Тілге тиек ететін тағы бір мәселе компанияның қолдауымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалар.

"Әлеуметтік жобаларды қолдау, оларға қаржы қарастыру біздің негізі бағыттарымыздың бірі. Бұл жағынан Қазатомөнеркәсіп өзгелерге үлгі бола алады. Мәселен 2022 жылы Қазатомөнеркәсіп өңірлерді дамытуға 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Одан бөлек, Түркістан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалпы сомасы 900 млн теңгеден астам әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды қаржыландырды. Ал, қоршаған ортаны ластамау тұрғысынан келетін болсақ уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы компания жайлы ортаны болашақ ұрпақ үшін сақтауға елеулі үлес қосуда. Бүгінгі таңда бизнес тиімділігінің кепілі ESG қағидаттарын ұстану болып табылады. Біз осы ұстанымды қолдаймыз", - деді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

Құрамына 14 уран өндіруші кәсіпорын кіретін 20 мыңнан астам қызметкері бар алып компанияның биылғы жиыны соңында арнайы тақырыптық панельдік сессиялар мен оқу семинар-тренингтер өтті. Онда шақырылған спикерлер қатысушыларды ESG қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттандырды. Сонымен қатар, халықаралық стандарттың тиімділігін түсіндірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу