"Қазатомөнеркәсіп" Қытайға жіберілетін өнім желісін кеңейтті

333

"Қазатомөнеркәсіп" "А типті AFA 3GTM" дизайнындағы ЖБҚ өндіру үшін сертификаттаудан сәтті өтті, осылайша шығарылатын өнім желісі кеңейеді. 

"Қазатомөнеркәсіп" Қытайға жіберілетін өнім желісін кеңейтті Фото: kazatomprom.kz

Өнімнің барлық міндетті талаптарға, нормалар мен сапа стандарттарына техникалық сәйкестігін растайтын құжатты технология иесі – Framatome француз компаниясы тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп", "ҚАӨ" немесе "Компания") ҚХР АЭС-тері үшін ядролық отын дайындайтын "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнында "А типті AFA 3GTM" дизайнындағы жылу бөлетін құрамаларды өндіруді сертификаттау процесінің сәтті аяқталғанын хабарлайды.

ЖБҚ өндірісін сертификаттау жұмыстары 2023 жылдың наурыз айында басталып, төрт кезеңде өткен.

"Сертификаттау процесін кәсіби, уақтылы және сапалы қамтамасыз етуді "Үлбі-ЖБҚ" ЖШС-тің барлық құзыретті қызметтері ұйымдастырды. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, кәсіпорын өндірілген өнімнің сапасын сәтті растады. Бұл сертификаттау зауытқа "АА типті AFA 3GTM" дизайнындағы ЖБҚ-ға қосымша "А типті AFA 3GTM" дизайнындағы ЖБҚ шығаруға мүмкіндік береді, осылайша шығарылатын өнім желісі кеңейеді", — делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Осы жылы компания "А типті AFA 3GTM" дизайнындағы ЖБҚ-ны өнеркәсіптік өндіруге кірісіп, ҚХР-дағы атом электр станцияларына тиісті типтегі ЖБҚ партиясын жеткізуді жоспарлап отыр.

Жалпы, "Үлбі-ЖБҚ" зауыты Қазатомөнеркәсіпке өндірісті әртараптандыруға, желіні кеңейтуге және қосылған құны қымбат жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған уран өнімдерін шығаруға септігін тигізді.

"ЖБҚ – инженерлік конструкция, оның жақтауына жылу бөлетін элементтер (жбэлдер) – уран таблеткаларымен толтырылған түтіктер орналастырылады. Бұл құрамалар АЭС үшін отын ретінде қолданылады. Жылу бөлетін элементтерге арналған (жбэлдер) арналған уран таблеткаларын "ҮМЗ" АҚ дайындайды", — деп түсіндірілді хабарламада.

Сондай-ақ, "Үлбі-ЖБҚ" зауыты, өндірістік қуаттылығы жылына ЖБҚ түріндегі 200 тонна уран, 20 жылдық кепілді өткізу нарығына ие. Инновациялық өндірісті іске қосу арқылы Қазақстан атом электр станциялары үшін ядролық отын өндіруші және жеткізуші мемлекеттердің шектеулі тобына кіруге мүмкіндік алып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу