Қазатомөнеркәсіп Шығыс Қазақстандағы демалыс орнын сатты

1468

Қазатомөнеркәсіп Шығыс Қазақстандағы демалыс орнын сатты

Бүгін "Үлбі металлургиялық зауытына" тиесілі болған "Үлбі" демалыс базасын сату бойынша бағаны төмендету әдісі бойынша жарияланған электрондық аукционы сәтті аяқталды.

Төртқара көлінің жағалауында 2004 жылы салынған демалыс базаларының бірінің енді жаңа иесі пайда болды. Оның есімі әзірге белгісіз.

Төмендету әдісі бойынша сауда-саттық басталған бастапқы баға 345 млн 509 мың теңге болғаны ғана белгілі, соңғы баға жайлы ақпарат жоқ.

Демалыс базасының 6,5 га жер учаскесі бар. Ғимарат пен құрылыстар 3 366 шаршы метрді алып жатыр.

"Үлбі" демалыс базасы" ЖШМ жарғылық капиталына 100-пайыздық қатысу үлесімен  "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның еншілес ұйымы – "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ иелік етіп келген.

Еншілес ұйымдарды сатудың мақсаты –  бейінді емес активтерді шығару арқылы "Қазатомөнеркіәсіп" ҰАК" АҚ құнын ұлғайту болып отыр.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу