"Қазатомөнеркәсіп" таза табысы 2,5 есеге қысқарды

1516

Бұл дерек 2019 жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша компанияның халықаралық қаржылық есеп стандарттарында көрсетілген.  

"Қазатомөнеркәсіп" таза табысы 2,5 есеге қысқарды

2019 жылдың алғашқы тоғыз айында "Қазатомөнеркәсіптің" таза табысы 142 млрд теңгені құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге төмен. Бұны компанияның халықаралық қаржылық есеп стандарттарынан байқауға болады.

Осы кезеңде "Қазатомөнеркәсіптің" жалпы табысы 1,6 есеге артып, 102,3 млрд теңгеге жетті. Ал салық тапсыру кезеңіне дейінгі кірісі 2,3 есеге қысқарды (159,3 млрд теңге). Бұдан бөлек оның таза шығыны 397 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында ұлттық компания активтері 13,6%-ға өсіп, 1,683 трлн теңгеге тұрақтады. Ал "Қазатомөнеркәсіп" капиталы 12,9%-ға (1,179 трлн теңге), міндеттемелері 15,4%-ға (504,861 млрд теңге) артты.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ — уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металлдарды, атом электр стансалары үшін арналған ядролық отынды өндірумен және экспорттаумен айналысатын Қазақстанның ұлттық операторы. Компания акцияларының 81,2%-ы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. Ал қалған 18,8%-ы "Астана" халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында еркін айналымда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу