"Қазатомөнеркәсіп" Транскаспий бағыты арқылы өнім жеткізгенін хабарлады

794

Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша компанияның клиенттеріне дайын өнімді жеткізуіне байланысты ешқандай шектеулер байқалмайды.  

"Қазатомөнеркәсіп" Транскаспий бағыты арқылы өнім жеткізгенін хабарлады Фото: kazatomprom.kz

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы табиғи уран физикалық жеткізілімнің жүзеге асырылғанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, компания 2018 жылдан бері өз өнімін Батыс нарықтарына жеткізу үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын балама ретінде табысты пайдаланып келеді.

"Қазатомөнеркәсіп Ресейге қарсы санкциялар байланысты жағдайды және олардың дайын өнімді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдауға ықтимал әсерін бақылауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша компанияның клиенттеріне дайын өнімді жеткізуіне байланысты ешқандай шектеулер байқалмайды" - делінген ақпаратта.

2022 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша Қазатомөнеркәсіпке тиесілі жүктің бір бөлігі Транскаспий бағыты арқылы Қара теңіз жағалауындағы Поти портына жеткізіліп, сол жерде шоғырландыру және соңғы межелі пунктке одан әрі тасымалдау мақсатында чартерлік кемеге тиеу үшін "Инкай" БК" ЖШС-тің қосымша материалының келуін күтті.

Қазіргі таңда Қазатомөнеркәсіпке тиесілі уранды да, "Инкай" БК" ЖШС-ке тиесілі уранды да қамтитын жүк Канада портына сәтті жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу