"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акциясын саудалап жатыр

817

Акция шамамен 100 млн долларға сатылмақ. 

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акциясын саудалап жатыр

Компания "Уран байыту орталығы" АҚ-дағы 50% үлесін осы бірлескен кәсіпорын бойынша серіктесі "ТВЭЛ" АҚ-қа шамамен 100 млн долларға сатпақ. "Қазатомөнеркәсіптің" ресми мәлімдемесінде осылай делінген.  

Ресми дерекке сүйенсек, компанияға тиесілі "Уран байыту орталығы" акцияларының бағасы ірі халықаралық консалтингтік компания жүргізген бағалау негізінде белгіленген. 

"Уран байыту орталығы" АҚ – 2006 жылы Қазақстан мен Ресей бірлесе құрған компания. Ол атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдануға бағытталған. Компанияның Ресейдің Свердлов облысында орналасқан "Урал электрохимиялық комбинаты" АҚ-дағы үлесі 25% құрайды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу