Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады.
"Стратегиялық маңызды атом саласында Компанияны басқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен атом саласының болашағы зор екеніне және Компания еліміздің және барлық стейкхолдерлердің мүддесі үшін одан әрі дами беретініне сенімдімін. Қазатомөнеркәсіптің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Компанияның мыңдаған ұжымының әрбір қызметкеріне олардың қажырлы еңбегі мен өз ісіне шын берілгендігі үшін зор алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бірге қызмет істеген Компанияның Басқарма құрамына және үнемі қолдау көрсеткені үшін Директорлар кеңесіне де алғысымды білдіремін", – дейді Мәжит Шәріпов.