"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының Басқарма төрағасы тағайындалды

534

Ержан Мұқанов 2022 жылдың шілде айынан бастап Басқарма төрағасы міндетін атқарды.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының Басқарма төрағасы тағайындалды

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің шешімімен Мұқанов Ержан Жанәбілұлы Қомпания Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында арнайы байыту әдістері және гидрометаллургия зертханасының инженері қызметінен бастап, атом өнеркәсібінде түрлі лауазымдарында 23 жылдан астам тәжірибесі бар.

Ал Қазатомөнеркәсіп жүйесіндегі қызметі 2006 жылдан басталған. "КАТКО" БК" ЖШС инженер-технолог лауазымында болды, AREVA Mines өндірісін дамыту үйлестірушісі ретінде және де "КАТКО" БК" ЖШС, "Қазатомөнеркәсіп-SaUran" ЖШС, "Қаратау" ЖШС және "Семізбай-U" ЖШС сияқты компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу