"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының былтырғы таза пайдасы 473 млрд теңгені құрады

577

Бұл 2021 жылға қарағанда 115%-ға артық.  

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының былтырғы таза пайдасы 473 млрд теңгені құрады Фото: «Қазатомөнеркәсіп баспасөз қзыметі

Бұл туралы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылы елімізде және әлемде болған оқиғалар компанияның қызметіне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Компанияның барлық кәсіпорны тұрақты жұмыс істеді және жұмыс істей береді. Былтыр компания өзінің уран өнімін тұрақты бағыты арқылы үзіліссіз клиенттеріне жеткізді. Сондай-ақ, компания табиғи уранды Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жеткізуді табысты жүзеге асырды", - деді ол баспасөз конференциясында.

Ержан Мұқановтың сөзінше, компания бұл жолды 2018 жылдан бастан балама бағыт ретінде пайдаланып келеді. Ол әлем бойынша компанияның клиенттеріне дайын өнімді жеткізумен байланысты ешқандай шектеулер байқалмағанын да атап өтті.

"Өткен жылдың қорытындысы бойынша "Қазатомөнеркәсіп" жақсы нәтижеге қол жеткізді. Шоғырландырылған кіріс алғаш рет 1 трлн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 45 пайызға ұлғайды. Бұл негізінен спот бағасының өсуіне, долларға қатысты теңгенің әлсіреуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуі есебінен болды. Операциялық пайда 456 млрд теңгені құрап, 2021 жылға қарағанда 91%-ға артты.  Компанияның таза пайдасы 473 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 115%-ға көп", - деді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу