"Қазатомөнеркәсіптің" тағы бір басшысы қызметінен кетті

1200

Оның міндеттемелері компания басшылығы арасында қайта бөлінген.

"Қазатомөнеркәсіптің" тағы бір басшысы қызметінен кетті Фото: Қазатомөнеркәсіп / ЖИ

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Дархан Сағындықов 2026 жылғы 26 қарашадан бастап Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор қызметінен өз еркімен кеткені туралы хабарлайды. Оның өтініші негізінде және корпоративтік процедураларға сәйкес, Компанияның Директорлар кеңесінің шешуімен Дархан Сағындықовтың Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшеcі ретіндегі өкілет мерзімі тоқтатылды", – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

"Қазатомөнеркәсіп" жұмысы штаттық режимде жалғасып жатқаны айтылды. Дархан Сағындықовтың функционалдық міндеттемелері компания басшылығы арасында қайта бөлінген.

Айта кету керек, бұған дейін "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ-дан кейін "Қазатомөнеркәсіп" басшыларының бірі ұсталғанын жазғанбыз. Кейін ұлттық компания осы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. 

12 қараша күні Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу