"Қазатомпром" "Каустик" химзауытының үлесін сатуды толықтай аяқтады

523

"Каустик" химиялық зауыты толықтай жекеменшікке өтті. 

"Қазатомпром" "Каустик" химзауытының үлесін сатуды толықтай аяқтады Фото: Inform.kz

Бұған дейін кәсіпорынның 40 пайыз акциясына иелік еткен "Қазатомпром" Ұлттық компаниясы өз үлесін сату процесін аяқтады. Енді бұл акциялардың қожайыны – "Объединенные химические технологии" сауда үйі" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Ашық дерек көздерінде бұл мекеменің құрылтайшысы экс-депутат Роман Ким екені көрсетілген. 40 пайыздық акцияны сату арқылы "Қазатомпром" компаниясы 1 миллиард 400 миллион теңге пайда тауыпты. Айта кетерлігі, "Каустик" химиялық зауытының 60 пайыз акциясы бұған дейін де "ЦАТЭК" акционерлік қоғамына тиесілі болған.

Бұл компанияның қожайындары – Александр Клебанов пен Сергей Кан. Екеуі Екібастұздағы апатты жылу электр станциясына да иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу