"Қазавиақұтқару" мекемесіне тиесілі Ми-8 АМТ (up-MI873) тікұшағы техникалық ақауға байланысты Ақмола облысы аумағында шұғыл жағдайда қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазанның 24-інде "Қазавиақұтқаруға" тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы Көкшетау әуежайынан Жезқазған әуежайына ұшып жетпек болды. Алайда сағат 12:12 шамасында Атбасар ауданының Мариновка ауылы мен Бұланды ауданының Красноселький ауылы арасында тікұшақ мәжбүрлі түрде жерге қонды. Бұған тікұшақтың оң жақ қозғалтқыш бөлігіндегі діріл туралы таблодағы ақау себеп болған. Тікұшақта 4 ұшқыш пен 2 экипаж болды, олар зардап шеккен жоқ. Сағат 20:00-де оқиға орнына тікұшақтың ақауын анықтау үшін "Қазавиақұтқару" АҚ-дан (5 адам және 1 техника) арнайы комиссия келді. Сонымен бірге тікұшаққа күзет қойылды", - деп хабарлады ведомство.