ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы шұғыл көмекке келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазавиаспас" АҚ тікұшағының экипажы Көкшетау – Атбасар – Көкшетау бағыты бойынша санитарлық авиация желісі бойынша рейсті орындады.
Ұшу мақсаты шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет ететін әйелді жедел жеткізу болды. Экипаж мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында науқас жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Тікұшақты В2 жетекші инженер Максимов Вячеслав дайындады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу