Қазавиақұтқару ұшқыштары "Көкшетау" тауындағы өртті жою кезінде 75 тонна су жұмсады.

623

Өртті сөндіру жұмыстары барысында Бурабай кентіндегі "Айнакөл" көлінен су тиеп, өрт ошақтарына әуеден 75 тонна су ағызылды. 

Қазавиақұтқару ұшқыштары "Көкшетау" тауындағы өртті жою кезінде 75 тонна су жұмсады.

2022 жылдың 25 қыркүйегінде "Көкшетау" тауында өсімдіктердің тұтануын сөндіру барысында жедел сөндіру және өрттің таралуының алдын алу мақсатында ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қазавиақұтқарудың тәжірибелі ұшқыштары өртті ауадан сөндіру кезінде барынша тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін отпен күресте шеберлік пен ептілік танытты.

Су ағызу кезінде ұшқыштар құрамы ағызу биіктігін қатаң бақылауы тиіс. Егер ағызу биіктігі жану орнынан тым жоғары болса, онда суды шашу кезінде ол буға айналып, тиімділігі төмендейді. Ал тым төмен биіктікті алған жағдайда, өсімдіктер және жердегі басқа да кедергілер су төгетін құрылғыға тиіп кетіп, кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан ұшу алдында ұшқыштар құрамы өрт болып жатқан жерді зерттейді және отпен күресудің тиімділігін арттыру үшін қажетті биіктікті дәлдеп есептейді.

Су ағызу құрылғылары бар тікұшақты қолдана отырып өртті сөндіру үшін ұзындығы 27 метр ұзын арқанда ілініп тұрған су ағызу құрылғысының шайқалуын болдырмау мақсатында ұшқыштар құрамынан жақсы ұшу техникасы талап етіледі. Сонымен қатар, таулы жерлерде, ойлы-қырлы жерлерде желдің әсерінен су ағызу құрылғысы шайқалып, өрт орнына түсу дәлдігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан Қазавиақұтқарудың ұшқыштар құрамы әуе кемесін тербелуге жол бермейтіндей және тіпті желдің әсерінен судың өрт ошағына барынша түсуін қамтамасыз ететіндей етіп басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу