Бұл уақытта "Қазавиақұтқару" мемлекеттік компаниясының ұшқыштары жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Компанияда ұшу қауіпсіздігіне дұрыс мән берілмейді, ұжымдағы моральдық және психологиялық рух төмен, басшылық мәселелерді шешуге құлықсыз, ал айлық аз деп шағынды пилоттар.
Сол басшылықтың сауатсыз шешімдері мен немқұрайлығы салдарынан БҚО тікұшақ апаты болды дейді хат авторлары. Олар бірқатар лауазымды тұлғаны жұмыстан шығарып, жалақыны көтеруді, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, дұрыс еңбек жағдайын жасауды талап етті. "Қазавиақұтқару" басшылығы ұшқыштардың талаптарын естідік, мүмкіндігінше орындауға тырысамыз деп уәде берді.