KazAvtoJol-дың мәліметінше, сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 3 облыста қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр.
Алматы облысында 2 учаске:
- тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін "Алматы-Өскемен" тасжолы, Қонаев-Шеңгелді учаскесі;
- автокөліктің барлық түрі үшін "Алматы-Шелек-Қорғас" тасжолы Байсейіт-Қорғас арасы;
Жамбыл облысында 1 учаске:
- көліктің барлық түрі үшін "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)
Жетісу облысында 2 учаске:
- тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін "Алматы-Өскемен" тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
- "Алматы-Өскемен" тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу