Қазавтоөндіріс шетелдік қызметтік көліктерді сатып алуға мораторий енгізуді ұсынды

1122

Қазавтоөндіріс шетелдік қызметтік көліктерді сатып алуға мораторий енгізуді ұсынды

"Қазавтоөндіріс" үкіметтік ұйымдардың шетелдік темір тұлпарларды сатып алуына мораторий енгізуді ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.
Ал депутаттардың бұл тұрғыда пікірі екіге бөлінді.
"Мемлекеттік қызметкерлерді қарапайым көлікке, қаласаңыздар арбаға отырғызайық. Бірақ ол кезде атқарушы органдардың мәртебесі түсіп кетмей ме? Біз өзімізді әлеуетті мемлекет деп көрсеткіміз келеді. Қызметтік көлік мәселесіне жауабым осы", - деді ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.
Ал парламент мәжілісінің депутаты Владислав Косарев: "атқамінерлер қарапайым болуы керек. Мемлекет басшысы айтқандай, тек отандық көліктерді сатып алу қажет деп есептеймін. Олар шетелдікке қарағанда арзан. Соған қарамастан, қызметтік мақсатта қолданылатын импорттық қымбат көліктер әкеліне береді", - дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу