"КазАвтоПром" Халықаралық көлік өндірушілерінің ұйымына мүше болды

1383

"КазАвтоПром" Халықаралық көлік өндірушілерінің ұйымына мүше болды

Еліміз тұңғыш рет  көлік өнеркәсібі кәсіпорындары ұлттық қауымдастықтарының басын құрап отырған Халықаралық көлік өндірушілерінің OICA  бас ассамблеясының сессиясына қатысты. Бұл туралы "КазАвтоПром"  одағының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бас ассамблеяның сессиясы барысында "КазАвтоПром" одағына  ОІСА-да

еліміздің автомобиль өндірісінің атынан сөйлейтін бірыңғай ұлттық бірлестік деген мәртебе берілді.

"Қазақстандағы автомобиль өндірісінің 14 жылдай тарихы бар. Осы уақыт ішінде  ел аумағында  он бестей брендтің жеңіл, жүк және автобустарын шығаратын  бес өндірістік алаң құрылды", –  деген "КазАтомПром" Қазақстанның  автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферовтың сөзі келтірілген хабарламада.

Халықаралық автомобиль өндірушілерінің ұйымы әлемдік автомобиль өнеркәсібінің ресми өкілі ретіндегі БҰҰ-да тіркелген жалғыз бірлестік, әрі ол  Еуропалық экономикалық комисиясының автокөлік құралдарының қауіпсіздігі стандарттарын әзірлеуге тікелей атсалысады.  

ОІСА-ны 1919 жылы Парижде  Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-тың автомобиль өндірушілерінің ұлттық  бірлестіктері құрған. Қазіргі таңда оған бес құрлықтың 39 ұлттық салалық қауымдастығы мүше.  "КазАвтоПром" – салалық одақ, ол  2015 жылы құрылған.  Кәсіпорын қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің 60 пайызын, еліміздің жаңа автомобиль нарығының  45 пайызын иеленіп және автомобиль саласында 40 пайыз жұмыс орнымен қамтып отыр.


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу