"Қазавтожол" филиалының экс-басшылары қамауға алынды

710

Олар Маңғыстау облысындағы автожолдардың құрылысы кезінде орындалған жұмыс туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 6 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. 

"Қазавтожол" филиалының экс-басшылары қамауға алынды

Ақтау соты "Қазавтожол" ұлттық компаниясының Маңғыстау облыстық филиалының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарын қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 2019 жылғы 19 маусымдағы үкімімен Маңғыстау облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметінің "Қазавтожол" ҰК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры мен оның орынбасарын екі ай "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінімі қанағаттандырылды", – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Мекеме басшылығы ҚР ҚК-нің 366-бабы (пара алу), сондай-ақ 189-бабы (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша айыпталуда.

Еске салайық, "Қазавтожол" ҰК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры мен оның орынбасары биылғы маусым айында ұсталған болатын. Олар Маңғыстау облысындағы автожолдардың құрылысы кезінде орындалған жұмыс туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 6 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасына сай, аталған топ орындалған жұмыс туралы жалған құжаттарды толтыру арқылы 500 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу