"ҚазАвтоЖол" компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды

167

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды Фото: inbusiness.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

Келісімшарттың бұзушылықтармен жасалғандығы және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.

Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу