"ҚазАвтоЖол" Қытай банкінен 199 млн доллар сұрап отыр

1494

Бұл қаражатқа ұлттық компания елорданың сол жағалауындағы басты көшелерді қайта жаңартпақ.  

"ҚазАвтоЖол"  Қытай банкінен 199 млн доллар сұрап отыр

Үкіметтің бұған қатысты қаулысының жобасы Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жоспар бойынша бұл қаражат арқылы Қабанбай батыр даңғылының бойында Тұран даңғылына дейін көлік торабын сала отырып, Салтанат Сарайынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылын қайта жаңарту көзделген. Үкімет өз тарапынан Ұлттық компанияға қарызға байланысты мемлекеттік кепілдікті бермек.

"Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қытайдың экспорт-импорт банкіне Мемлекеттік кепілдік туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 199 683 202 АҚШ долларына дейін баламалы сомада"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-тың тартылатын қарызы бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде жоба бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін",– делінген қаулы жобасында.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу