"Қазавтожол" қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

560

"Қазавтожол" қызметкерлері қолайсыз ауа райының болжануына  байланысты тәулік бойына күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. 

"Қазавтожол" қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті Фото: Колеса

Осы мақсатта кезекшілікке 500 бірлік арнайы техника мен 700 маман жұмылдырылды. Бірінші кезекте олар республикалық маңызы бар жолдарға шығатын жүргізушілерге ауа-райын  қадағалап, сақ болуды ескертіп отыр. Қазгидромет" болжамына сәйкес, елдің барлық аймағында ауа райы бұзылады. 

Бірқатар өңірде соңы көктайғаққа ұласатын қатты жаңбыр күтілуде. Жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілер тәулік бойы 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу