"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұсталды

431

Олар кәсіпкерден ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікке ілінді

"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұсталды Фото: ҚР ҰҚК

2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірге "НК "ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті.

Бұл туралы деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу