Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда облысының тұрғындарына үндеу жолдады.
"Осыған байланысты, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және дауылды ескерту кезінде ұзақ сапарға шықпауға шақырамыз", - делінген "Қазавтожолдың" 2023 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған өңір тұрғындары мен қонақтарына үндеуінде.
Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 2023 жылдың 18 желтоқсанында ауа райының қолайсыздығына байланысты қандай тас жолдарда қозғалыс шектелетінін айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу