ҚазАвтоЖол мен Qazaq Oil бірлесіп жол бойындағы сервисті дамытатын болады

4236

Жол бойындағы қызмет көрсетудің сапасы ішкі туризм мен сауданы дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан Qazaq Oil ЖМҚС-лары ерекше. Мысалы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында жаңадан салынған Qazaq Oil алты жанар-жағар май құю кешені ашылды. Жүк көліктеріне арналған үлкен тұрақ, душ, кафе, ыстық тамақ, кофе бар – бір сөзбен айтқанда, барлығы саяхатшы үшін жасалған жағдай.

ҚазАвтоЖол мен Qazaq Oil бірлесіп жол бойындағы сервисті дамытатын болады

Компания бүкіл Қазақстан бойынша 377 станцияны пайдаланады, олардың 132-сі ребрендингтен өткізіліп, Qazaq Oil-ге айналды.

Тас жолдарда сервисті дамыта отырып, Qazaq Oil Қазавтожолмен бірлесіп меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың мақсаты – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойындағы сервисті дамыту, жол бойындағы сервис нысандарын ұлттық стандартқа (ҚР СТ 2476-2014 2025 жылға дейін) сәйкестікке келтіру және сұранысқа ие қызметтерді сапалы көрсету болады. Бұдан басқа, тараптар жол сервисі саласын дамыту мақсатында мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлейтін болады.

Келісім бірлескен ребрендингке түсуі мүмкін жол бойындағы сервистің 600-ге жуық объектісіне қатысты болады.

"Qazaq Oil бренді қазірдің өзінде жол бойындағы сервистің сапа белгісіне айналуда. Ал Қазавтожол үшін жол қозғалысының барлық қатысушыларының жайлылығы мен қауіпсіздігі басымдылық болып табылады. Мұндай синергия жемісін беретіндігіне сенімдімін", – деп атап өтті Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов.

Өткен жылы ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар жолдар бойындағы 72 қызмет нысанын іске қосты.

"Біздің компаниямыздың басты басымдықтарының бірі жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығы болып табылады. Бұл Меморандум автоәуесқойлар үшін қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, республикалық тас жолдар бойында өз нысандарын орналастыруға дайын шағын және орта бизнесті дамытуға серпін береді", – деп атап өтті ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу