"ҚазАвтоЖол": Республикалық жолдардағы су басу қаупі бар учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылады

354

Республикалық жолдардағы су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік пен патрульдеу ұйымдастырылмақ.  

 "ҚазАвтоЖол": Республикалық жолдардағы су басу қаупі бар учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылады Фото: gov.kz

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қабылданған іс-шаралар кешені республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз қозғалысты, сондай-ақ жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Жергілікті гидрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені әзірленді. Мердігер ұйымдар мен жол қызметтеріне су басу қаупін алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелеріне сәйкес су басу қаупі жоғары республикалық автожолдардың учаскелері анықталды", - делінген "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Арнайы алдын алу шараларына:

  • су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту;
  • су тасқыны қаупі бар учаскелерді күнделікті тексеру;
  • инертті материалдарды дайындау және т.б. жатады.
  • 350-ден астам қауіпті учаске ерекше бақылауда.

Сондай-ақ компания өкілдері республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басып, шайылып кеткен учаскелер жоқ екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу