ҚазАвтоЖол су басқан өңірлерге қосымша арнайы техникаларын жіберіп жатыр

208

Компания жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына қосымша арнайы техникаларды жұмылдырды.

ҚазАвтоЖол су басқан өңірлерге қосымша арнайы техникаларын жіберіп жатыр Фото: ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып, аймақтарға табиғи апаттармен күресуге көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның басқа өңірлеріне, соның ішінде Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қосымша көмек жіберілді. Жалпы 2106 бірлік жол-құрылыс техникасы, 24 мотопомпа мен 2826 жұмысшы жұмылдырылды", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, 12 сәуірдегі сағат 09:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8,5 км болатын су тасқыны орын алды. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 618 км) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу