"ҚазАвтоЖол" су басу қаупі бар жол жиектеріне белгілер орнатып жатыр

95

Талаптарды сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"ҚазАвтоЖол" су басу қаупі бар жол жиектеріне белгілер орнатып жатыр   Фото: ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" мекемесі рспубликалық маңызы бар жолдарда су басу қаупі жоғары учаскелер туралы ескертетін ақпараттық паннолар орнатып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жолдың жүріс бөлігінде су шаю қаупінің болуына байланысты сіздерден:

  • қозғалыс жылдамдығын төмендетуді;
  • қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауды;
  • аталған учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуды сұраймыз.

Орнатылған ескерту белгілері мен ақпараттық тақтайшаларға назар аударуларыңызды өтінеміз, – делінген ҚазАвтоЖол таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу