"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кетті

1514

Ол 1 ақпанда компаниядағы жұмысы аяқталатынын атап өтті.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кетті

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асқар Маратұлы қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы басшы Instagram-да жазды. 

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген.

"324 шақырым жол пайдалануға берілді. Сондай-ақ Алматыдағы "Алтын Орда" базарының жол айрығында жол жүрісі қамтамасыз етілді. Қызылорда-Жезқазған жолының құрылысы бойынша барлық келісім рәсімдері өтті. Жоба биыл басталады. Жол бойында 20-дан аса қызмет көрсету нысаны ашылды. Әлемнің жетекші банктерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге, сондай-ақ ірі отандық компаниялармен көпжақты меморандумдарға қол қойылды", – деп жазды басқарма төрағасы. 

Айта кетейік, 2021 жылғы 22 сәуірде Асқар Маратұлы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу