"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілі күдікті деп танылып отыр

668

Мердігер көрсетілген мерзімде жол учаскесінің құрылысы бойынша өз міндеттерін толық орындамаған және айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартпауы үшін пара берген.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілі күдікті деп танылып отыр

Маңғыстау облыстық "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы АҚ филиалы басшының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында мүдделерді заңсыз лоббилендіргені үшін жүйелі түрде мердігер ұйымдардың өкілдерінен 1 млн теңгеден астам пара алып отырғаны үшін құқық қорғау органдарының назарына алынды.

"Лауазым иесі күдікті деп танылып отыр. Мердігер көрсетілген мерзімде жол учаскесінің құрылысы бойынша өз міндеттерін толық орындамаған және айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартпауы үшін пара берген", – деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу