"ҚазАвтоЖол" автожол бойындағы сауда қызметтерін қарқынды дамытуда

192

Қазіргі таңда сауда жүріп жатқан демалыс орындарына талдау жүргізіліп жатыр. Талдау қорытындасынан кейін бұл учаскелер кезең-кезеңімен абаттандырылатын болады.

 "ҚазАвтоЖол" автожол бойындағы сауда қызметтерін қарқынды дамытуда Фото: видеодан алынған кадр

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы сауда қызметтерін қарқынды дамытуда. "Астана-Щучинск" автожолының ақылы учаскесіндегі төрт демалыс орны алғашқы жобалардың бірі болып абаттандырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 
Бұл учаскелерде 20 жаңа павильон орнатылып, қолданыстағы 22-сі абаттандырылды. Түнгі уақытта қолайлы әрі қауіпсіз сауда жүргізу үшін ішкі жарықтандыру орнатылып, павильондардың танымалдылығы мен тартымдылығын арттыру мақсатында декоративті жарықтандырулар және лайтбокстар орнатылды.
 
Жол пайдаланушылар үшін жол бойындағы қызмет туралы ақпарат пен эстетикалық көрініс беру үшін 300-500 қашықтықтан көрінетін демалыс орындарының ақпараттық дизайны бар проектор орнатылды.
 
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сауда нысандары жақсарып, жол бойындағы қызметтердің тартымдылығы артып, жергілікті халық үшін сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу