"ҚазАвтоЖол": Оңтүстік аймақтан жол жиегіне тасталған 300 тонна қоқыс жиналды

457

Жолшылар көлік жүргізушілерін қоқысты арнайы бөлінген орындарға тастауға шақырады.  

"ҚазАвтоЖол": Оңтүстік аймақтан жол жиегіне тасталған 300 тонна қоқыс жиналды Фото: ihoneida.com

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде республикалық күре жолдарда көктемгі тазалық жұмыстары басталды. Жолшылар 300 тоннадан астам қоқыс шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының республикалық трассаларында көктемгі тазалық жұмыстары басталып кетті.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолшылар еліміздің оңтүстігінде орналасқан республикалық маңыздағы күре жолдарды көктем мен жаз айларына дайындап жатыр. Ал, қалған өңірлердегі республикалық тасжолдарда көктемгі тазалық жұмыстары күн жылына басталысымен қолға алынады.

"Мамандар республикалық жолдардың жиегіндегі қоқысты жинап, жол белгілерін, шудан оқшаулайтын қондырғыларды, бағыт-бағдар көрсетілген тақтайшаларды, аялдамалар мен демалыс алаңдарын тазалауда. Көктемгі тазалық жұмыстары аясында жолшылар 300 тоннадан астам қоқыс жинады (бұл шамамен 100 рейс). Бұл өңірде көктемгі тазалық жұмыстары әлі де жалғаспақ", - делінген ұлттық оператор таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу