"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады

511

13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады.  

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады Фото: Shutterstock

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап. 

Еліміздің батысында, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5 градус аяздан, -2 градусқа дейін жылынады деген болжам бар.   

Ал, 15 ақпанға қарай республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде  ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

"Құрметті жүргізушілер!  Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат Сапар мобильді қосымшасында орналастырылуда, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу