Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысының қызметттен кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Таяуда "ҚазАвтоЖолдың" басшысы болған Мейірхат Қасымбаев қызметінен кетті. БАҚ оның жемқорлық дауына ұшыраған Қалбатау - Майқапшағай жолын жөндеген "ҚазГерСтрой" компаниясына қатысы бар екенін жазды. Бас прокуратура осы жолдың құрылысына деп бөлінген 21 млрд теңгенің мақсатқа сай жұмсалмағанын хабарлады. Оның қызметінен кетуіне сол жемқорлық дауы себеп болды ма?", – деп сұрады БАҚ өкілдері.
"Жоқ, "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысының қызметінен кетуі одан емес. Ол өз еркімен жұмыстан босады", – деді Марат Қарабаев.