"ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысы тиісті министрлікке шағымданып, сотта жеңді

361

2022 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өздерінің парақшаларында "ҚазАвтоЖол" басшысының жұмысын сынға алған болатын. 

"ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысы тиісті министрлікке шағымданып, сотта жеңді Фото: pixabay.com

"Қазавтожол" АҚ-ның бұрынғы басшысы Әмір Кәрімбаев ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірген Министрлік хабарламасына шағымданып, сот процесін жеңіп алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Осылайша, сот Министрліктің 2022 жылғы 26 сәуірдегі хабарламасын шындыққа жанаспайды деп таныды.

Онда авторлар Кәрімбаевтың Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін жұмыстан шығарылғанын жазған.

Сондай-ақ, сот ИИДМ-нен Кәрімбаевтың пайдасына 3450 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын өндіріп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу