"ҚазАзот" тұтынатын электр қуатын халыққа береді

403

Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі мәлім етті.

"ҚазАзот" тұтынатын электр қуатын халыққа береді Фото: "ҚазАзот" зауыты

ҚР Энергетика министрлігінің және Маңғыстау облысы әкімдігінің электр қуатын тұтынуды шектеу туралы өкіміне байланысты "ҚазАзот" зауыты  халықты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жұмысын уақытша тоқтатты.

Өңірде электр қуаты тапшылығы салдарынан қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "ҚазАзот" компаниясының басшылығы электр қуатын тұрмыстық тұтынушыларға бағыттау туралы шешім қабылдады. Қазір "ҚазАзот" АҚ зауыты желіге сағатына 24 МВт электр қуатын береді. Өндіріс толық тоқтағаннан кейін желіге электр энергиясын беру 29÷30 МВт дейін артады.

Өндірісті тоқтату кезең-кезеңмен жүргізіледі. 13 тамызда зауытта күрделі минералды тыңайтқыштар цехының жұмысы тоқтады. Бүгін 14 тамызға қараған түні күрделі минералды тыңайтқыштар цехы, әлсіз азот қышқылы цехы және аммиак өндірісі тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу