"Қазазот" зауыты испандық компаниямен аммиак-карбамидті кешенінің құрылысын салу туралы келісімге келді

526

Заманауи жоғары технология жаңа аммиак-карбамидті кешенінің құрылысын салуға Tecnicas Reunidas, Marubeni, Сasale, Maire Tecnimont, MAVEG, Samsung және т.б. сияқты жетекші халықаралық компаниялар ниет білдірген. 

"Қазазот" зауыты испандық компаниямен аммиак-карбамидті кешенінің құрылысын салу туралы келісімге келді Фото: Казазот

"КазАзот" жеңімпаз ретінде испандық Tecnicas Reunidas компаниясын таңдап алды. Құны 16,75 млн еуро тұратын келісімшарт бойынша Ténicas Reunidas базалық жобаны 12 ай ішінде жүзеге асырмақ. 1-кезең аяқталғаннан кейін шетелдік мамандар EPC келісімімен жұмысын жалғастыратын болады.

Оған сәйкес, испандық компания жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, құрылыс-монтаж жұмыстарын бақылауды, персоналды оқытуды және іске қосу-реттеу жұмыстарын қамтамасыз етпек. Жалпы инвестиция көлемі 1 млрд долларға жуық болатын аммиак-карбамидті кешені Маңғыстау облысындағы "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында салынатын болады.

Құрылысты аяқтау мерзімі - 2026 жылдың соңына жоспарланған. Жоба Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін, өндірістік және экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталады. Компания стратегиясының маңызды элементіне айналады. Бүгінгі таңда "КазАзот" зауыты жылына 400 мың тонна аммиак селитрасын шығарады.

Жаңа кешен пайдалануға бергеннен кейін кәсіпорын еліміздегі минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша ең ірі кешенге айналады. Карбамид пен аммиак селитрасын қосқанда, өнімнің жалпы көлемі жылына шамамен 1,5 млн тоннаны құрайтын болады. Осылайша отандық ауыл шаруашылығы саласын азотты тыңайтқыштарға деген қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырмақ. Сондай-ақ, бұл экспорттық өнімдер көлемін ұлғайтады және компанияның халықаралық нарықтағы орнын нығайта түспек.

Бұл жобаны іске асыру аймақта жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Зауыттың құрылысына 1,5 мың уақытша жұмысшы тартылатын болады. Жобаны іске асырғаннан кейін 800 тұрақты жұмыс орны жоспарланған. Сонымен бірге, жаңа зауыт байланысты салалар үшін білікті кадрларды дайындау ошағы болмақ. Қазірдің өзінде кәсіпорын өнімдері Қазақстан, Еуропалық Одақ елдері, ТМД, Азия елдеріне экспорттап келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу