Қазба байлықты игерушілер отандық өндірушілерден тауарды конкурссыз сатып алады

910

Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына жеңілдік енгізілді.

Қазба байлықты игерушілер отандық өндірушілерден тауарды конкурссыз сатып алады

Коронавирусқа қарсы жарияланған төтенше жағдай жер қойнауын пайдаланушыларға кері әсер етпеуі үшін жаңа норма енгізілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған норма жұмысшылар санын қысқартпауға септігін тигізетін болады.

"Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға отандық өндірушілерден тауарларды конкурстық процедураларсыз сатып алуға рұқсат берді. Бұған дейін ондай конкурстық процедуралар 2 айға дейін созылатын. Бұл түзету қазақстандық компаниялардың үздіксіз жұмыс істеп, бюджетке де салықтың үздіксіз түсуіне жағдай туғызады. Сондай-ақ осы норма қазақстандық кәсіпорындрдағы жұмысшылар санын қысқарту тәуекелін бәсеңдетуге көмектеседі", – деді ол "Хабар-24" арнасы арқылы өткен онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу