KAZENERGY басшылығында ауыс-түйіс болды

479

Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.

KAZENERGY басшылығында ауыс-түйіс болды Фото: kmg.kz

KAZENERGY Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен KAZENERGY кеңесінің жеке отырысында қабылданды. Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы KAZENERGY мұнай саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін 2005 жылы 2 қарашада құрылды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған болатын.

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы энергетикалық және экологиялық саясаттағы басымдықтардың өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының энергетика (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу