"Қазфосфат" 2021 жылға қарай фосфорлық тыңайтқыштарды шығару қуаттылығын 1 млн тоннаға дейін арттырады

1812

"Қазфосфат"  2021 жылға қарай фосфорлық тыңайтқыштарды шығару қуаттылығын 1 млн тоннаға дейін арттырып, 2023 жылға қарай оны 1,5 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.

"Қазфосфат"  2021 жылға қарай фосфорлық тыңайтқыштарды шығару қуаттылығын 1 млн тоннаға дейін арттырады

"Қазфосфат"  2021 жылға қарай фосфорлық тыңайтқыштарды шығару қуаттылығын 1 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын компанияның бас директоры Мұқаш Ескендіров журналистерге мәлім етті.          

"Бүгінгі күні "Минералды тыңайтқыштар" зауытының қуаттылығы 500 мың тонна, тура екі жылдан кейін оны 1 млн тоннаға дейін жеткізуді, ал екі жылдан кейін 1,5 млн тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Қолда бағдарлама бар, енді тек биылғы жылы қаржыландыруды күтіп отырмыз", - деді ол.

"Қазфосфат" ЖШС құрамына   Жаңа Жамбыл фосфор зауыты; Минералды тыңайтқыштар зауыты, "Қаратау" тау-кен өңдеу кешені,  "Шолақтау" тау-кен өңдеу кешені, Теміржол-көлік кешені, Степногор "Химиялық зауыты", Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты кіреді.

"Қазфосфат" ЖШС ТМД елдері арасында фосфорлы өнімдер өндіретін жетекші компания.  "Қазфосфат" ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады. 

ЖЖФЗ сары фосфор және құрамында фосфоры бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт болып табылады, Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашық-тықта "Кіші Қаратау" жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан. Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу