“Қазгеология” мекемесіне қатысты тергеу басталды

720

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

“Қазгеология” мекемесіне қатысты тергеу басталды Фото: Freepik

Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн. теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді.

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, “Қазгеология” АҚ 100% акциялары мемлекет меншігінде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу