"Қазгеология" "Тау-Кен Самұрық" компаниясының еншілес кәсіпорны болды

351

"Тау-Кен Самұрық" компаниясы "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына кіреді.

"Қазгеология" "Тау-Кен Самұрық" компаниясының еншілес кәсіпорны болды Фото: Qazgeology

"Қазгеология" АҚ "Тау-Кен Самұрық" АҚ-ның еншілес кәсіпорны болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін оның жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті болған. 

"Қазгеология" АҚ дауыс беретін акцияларының 100 пайызы "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен өндіру компаниясына берілді. Тиісті келісімге "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Тау-Кен Самұрық" АҚ арасында қол қойылған. Бұған дейін Үкіметтің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен "Қазгеология" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті "Самұрық-Қазына" АҚ орналастырылған акцияларына төлем ретінде берілді", делінген хабарламада.

"Қазгеология" перспективалық аумақтарды іздеумен, пайдалы қазбалар қорын барлаумен және бағалаумен, сондай-ақ еліміздің минералдық-шикізаттық базасын молайту жобаларына шетелдік және отандық инвестицияларды тартумен айналысады. Қазір компания Rio Tinto (Австралия-Британ концерні), Kazzinc ЖШС (Glencore), Yildirim Holding A.S. (Түркия), "Полиметалл" ААҚ (Ресей), "Қазақмыс" ЖШС, "Ulmus Fund" коммерциялық қаржы ұйымы (Германия).

2019 жылдан бастап Қазгеологияның акциялары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетіне тиесілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу