Қазгидромет 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

1020

Синоптиктер 10 мамыр, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет".  

Қазгидромет 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты күн күркіреп, батыста, солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауыл тұрып, батыста және оңтүстікте бұршақ жауады.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында жел екпіні – 15-20 м/с, солтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с асады.

Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында күн күркірейді, күн күркіреген кезде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, таулы аудандарда – бұршақ жауады, солтүстікте шаңды дауыл, облыстың басым бөлігінде жел – 17-22, таулы асуларда – 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл, солтүстікте, батыста, оңтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, батыста, орталықта және шығыста жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды, облыстың батысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл, жел – 17-22, екпіні – 25 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күн күркірейді, орталықта, облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел қарқыны – 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, түнде оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде жел – 15-20, оңтүстікте, батыста, солтүстікте екпіні – 23-28 м/с, кейде 30 м/с асады.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с жел соғады, екпіні – 23 м/с.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, шығысында күн күркірейді, дауыл, облыс орталығында шаңды дауыл, солтүстікте, орталықта, облыстың шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел – 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу