Қазгидромет 17 өңірде ескерту жариялады

380

СҚО-да алғашқы қар жауды. 

Қазгидромет 17 өңірде ескерту жариялады Фото: Inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК 23 қазанда күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Астана қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады.

  • Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың орталығында, батысы мен шығысында 15-20 м/с құрайды.
  • Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с жетеді.
  • Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болжанады.
  • Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта 23 м/с күшейеді.
  • Манғыстау облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.
  • Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде күші 15-20, кей уақытта 25 м/с құрайды.
  • Түнде Ұлытау облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с құрайды.
  • Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман болжанады.
  • Абай облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында екпіні 23-28 м/с артады.
  • Түнде Павлодар облысында жауын-шашын жауады. Күндіз өңірдің солтүстік жартысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) байқалады. Облыстың басым бөлгінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 23-28 м/с жетеді.
  • Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды.
  • Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетеді.
  • Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.
  • Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 23 м/с жетуі мүмкін.
  • Шымкент қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23 м/с күшейеді.
  • Сондай-ақ QazAvtoJol күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізген болатын.
  • Атап айтқанда, Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап "Көкшетау – Атбасар" трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.
  • Сондай-ақ сағат 22.00-ден "Астана – Көкшетау" автожолында ("Астана – Щучинск – Көкшетау") шектеу енгізу жоспарланып отыр.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу