"Қазгидромет": 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

596

Бүгін Қазақстанның кей аумағында қар жауып, аяз болады.  

"Қазгидромет": 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы Фото: otyrar.kz

Республика бойынша көктайғақ болып, тұман түседі деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан басым бөлігі әлі де антициклон мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан тұрақсыз ауа райы сақталады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын болып, онтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауып, жел күшейеді, көктайғақ болып, тұман түседі.

Астанада бүгін қар жауады. Ауа температурасы 5-7 градус аяз болады. Күндіз жел соғады, екпіні 3-8 м/с жетеді.

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз ауа райы болады, көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз 4-6 градус жылы болуы мүмкін. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 2-7 м/с жетеді.

Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжанады. Күндіз ауа 6-8 градусқа дейін жылынады. Бүгін қалада желдің жылдамдығы 3-8 м/с жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу