Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде сондай-ақ тұман болжанады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, қөктайғақ күтіледі.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Сондай-ақ 2 ақпанға дейін Жамбыл облысында тұман болжанады. 1-2 ақпанда кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.