9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы болып, жауын-шашынсыз өтеді.
Алдағы үш тәулікте республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30…38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Оңтүстік және орталық аймақтарда да ауа райы бірқалыпты болады деп болжануда, күрт суыту болмайды.
Аптаның соңында солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей аумағында өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу