Қазгидромет: Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

476

Қазгидромет 24-26 қарашаға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды.  

Қазгидромет: Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады Фото: tobyl-torgai.kz

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағында аяз болады деп болжанып отыр, деп жазады inbusiness.kz. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Республиканың орталық бөлігінде қарлы боран соғады. Ел бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.

"Самара облысының аймақтарынан келген циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болады", - делінген хабарламада.

25 қарашада елдің солтүстігінде, 26 қарашада елдің шығысында қалың қар жауады. Республикада жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстікте, шығыста, орталықта қарлы боран болады.

Ал, апта соңында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Солтүстікте, шығыста, орталықта сынап бағанасы күндіз және түнде -20 градустан -29°С-ға дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу